Польшаның ең бай азаматы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның ең бай-бақуатты азаматы Ян Кульчик (Jan Kulczyk) қайтыс болды. Ол 65 жасында өзіне жасалған отадан кейін көз жұмған.
None
None

Кульчик шетелде жоспарлы емдеу курсынан өтті. Польшаның TVN24 телеарнасының хабарлауынша, бизнесмен Венада қайтыс болды.

Forbes журналының ақпараты бойынша, Кульчиктің дәулеті 3,9 миллиард долларға бағаланды. Оның Ciech химия компаниясы, Polenergia және Serinus Energy энергетикалық компаниялары, бірқатар мұнай-газ компаниялары және

SABMiller сыра компаниясында активтері болған.

Миллиардердің бірінші некеден Доминика мен Себастьян есімді екі баласы қалды. 2013 жылдан бастап Kulczyk Investments атқарушы директоры болып тағайындалған баласы әкесінің ісін жалғастырып келеді.

Соңғы жаңалықтар