Пол Уокер түскен соңғы фильм қазақстандық прокатқа шықты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық прокатқа Пол Уокер түскен ең соңғы фильм шығады. Бұл туралы meloman.kz хабарлады.

Пол Уокер түскен соңғы фильм қазақстандық прокатқа шықты - ВИДЕО

«8 мамырда қазақстандық экрандарға басты рөлде Пол Уокер көзі тірісінде түсіп үлгерген соңғы фильм - «13-аудан: Кірпіш үйлер» (Brick mansions) криминалды боевигі шығады», - делінген хабарламада.

Сайттың хабарлауынша, ресми премьераға үш күн қалғанда Bekmambetov Cinemа кинотеатрында фильм БАҚ өкілдеріне көрсетілді. Онда француздардың атақты «13-аудан» сериясының жанкүйерлеріне алматылық паркуршылар өз өнерлерін көрсетіп, таң-тамаша еткен.

Қалалық гимнастика қауымдастығының паркур секциясында тәлім алатын балалардың айтуынша, оларда паркурға деген қызығушылық дәл осы «13-аудан» фильмінің алғашқы сериясын көргеннен кейін пайда болыпты. Сондай-ақ, интернеттен паркур стилін қалыптастырушы Давид Белдің қатысуымен болған неше түрлі үйден-үйге секіру түрлерін көруге болады.