09:45, 30 Тамыз 2015 | GMT +5
Полицей 8-ші қабаттан құлағалы тұрған баланың аяғынан ұстап үлгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Очаков тас жолындағы үйлердің бірінің тұрғындары сегізінші қабаттан ойыншықтар құлап жатқанын байқаған.

Мұны назарсыз қалдырмаған адамдар полицияға хабарлады. Қызметкерлер аталған мекенжайға шұғыл жетті. Олар жоғары көтеріліп үйге кірмек болған. Алайда есікті ешкім ашпаған соң оны бұзуға мәжбүр болды.
Бөлмелердің біріне кірген полицейлер терезеден құлайын деп бара жатқан екі жасар баланы аяғынан ұстап үлгерді. Оның анасы үйде екен. Алайда ол есікті ашатындай жағдайда болмаған.
Әйелдің Тәжікстан азаматшасы екені аталып өтілді. Қазір оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.