Полицей еш себепсіз бозбаланы атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миссури штатындағы Фергюсон қаласында полиция қызметкері жол бойында 18 жастағы бозбаланы атып тастады, деп жазады 24.kz.
Марқұмның ата-анасының айтуынша, оқиға кезінде жас жігіт Сент-Луистегі әжесінің үйіне бара жатқан.
Бұл оқиға тұрғындардың ашуын келтіріп, жүздеген адам Сент-Луис көшелеріне шығып, наразылық танытты. Полицейлердің айтуынша, шаһардағы ахуал әлі шиеленісіп тұр. Алайда, тәртіп сақшылары оқ атқан әріптестерінің бұл әрекетінің себебін айтпай, есімін де атамай отыр.
Оқиға орнына 60-қа жуық қауіпсіздік күштері қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір қақтығыстар жайлы ақпарат жоқ.
Марқұмның анасы Лэсли Макспадден болса бұл жағдайға сене алар емес. Ол: Менің ұлым ешқашан біреуге жамандық жасамаған. Жасы небәрі 18-де болатын. Мектепті енді ғана бітіріп еді, - деп ботадай боздап отыр.