Полицей өзіне бас салған аюдан әріптестерінің көмегімен аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада аю бас салған полиция қызметкері әупіріммен аман қалды. Жыртқыш аңның сояудай тырнақтары оны қанжоса қылды.
Сондай-ақ ол белінен де жарақаттанған. Мұны Камчатка өлкесінің жануарлар әлемін қорғау агенттігі де растады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Оқыс оқиға Усть-Большерецкий ауданындағы Пача ауылының маңында Плотникова өзенінде болды. Жарты аралдың өзендерінде браконьерліктің жолын кесумен айналысатын жедел топ кенеттен аюға тап болған. Тағы аң полицейдің біреуіне тарпа бас салған. Әріптестері ауаға бірнеше рет оқ атып үлгергенше аю оны жарақаттап үлгерді. Артынша жыртқыш ну орманға кіріп кеткен.