Полицейді балағаттап, істі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қарақия  аудандық сотында Р-ға қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен  (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
None
None

Сотта анықталғандай, Қарақия аудандық орталық ауруханасының кіреберіс есігінің тұсында Қарақия аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері Р-ды медициналық куәландырудан өткізуге алып бара жатқанда сотталушы аты-жөнін айтудан бас тартқан. Сондай-ақ, сотталушы Р.  полиция қызметкері А.-ны балағаттап,  полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп,  талаптарын орындамаған. Сонымен қатар, полиция қызметкері  А.-ға  жеңіл дене жарақатын келтірген.

Сот үкімімен сотталушы Р.  жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, бірақ жылына сексен сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылып, тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.    

Соңғы жаңалықтар