Полицейдің әрекетіне ашынған жүздеген адам ереуілге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасы Каирде көлік жүргізушісін атып тастаған полицейдің әрекетіне ашынған жүздеген адам ереуілге шықты, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Наразылық білдірген шерушілер қауіпсіздік басқармасының алдында ұрандатып, кінәліні жазаға тартуды талап етті. Ал орынсыз оқ атқан полицей әріптестерінің көмегімен әрең қашып құтылды. Ашуға булыққан халық оны өлтіруге бекінген. Мұнда өткен аптада да осындай оқиға болған еді. Ол кезде полицейлер ауруханада дәрігерлік жазбаны өзгертуден бас тартқан 2 дәрігерді соққыға жыққан. Ал таяуда жоғалып кеткен италияндық студенттің мәйіті қала шетінен табылды. Ізінше оны да полицейлер ұрып өлтірді деген ақпарат тарады.
Айта кетейік, бұрынғы президент Хосни Мубаракқа қарсы бас көтеру де тәртіп сақшыларының бассыздығына наразылықтан басталған еді.

Соңғы жаңалықтар