Полицейлер 3,5 мыңнан астам сиам қолтырауынын құтқарып қалды
АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Қытайда сирек кездесетін сиамдық қолтырауынның заңсыз сатылымының жолы кесілді. Чжуан автономдық ауданында шекара полицейлері 3,5 мыңнан астам сиам қолтырауынын алды,
деп хабарлайды Pik.tv .
Қызыл кітапқа енгізілген қолтырауындар 200 ағаш жәшікке салынған. Олардың жалпы салмағы шамамен 16 тоннаны құрайды. Ең үлкен қолтырауынның салмағы шамамен 26 келіні, ұзындығы 2 метрді құрайды. Ал ең кішісінің салмағы не бәрі жарты келі. Полиция қызметкерлері үш контрабандашыны ұстады.