Полицейлер 70 көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері жаңа оқу жылы қарсаңында жағдайы төмен жағдайы төмен және көпбалалы 70 отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның мәліметінше, республикалық «Мектеп жол» қайырымдылық акциясына облыстық ІІД-нің барлық бөлімшелері, көші-қон полициясы, криминалды және әкімшілік полиция, ювеналды полиция қызметкерлері атсалысып жатыр. Тәртіп сақшылары жағдайы төмен отбасылардағы тәрбиеленіп жатқан жасөпірімдердің жаңа оқу жылына дайындығын анықтап, оларды бақылауға алды. Олардың қатарында көпбалалы, толы емес отбасылар, немере тәрбиелеп отырған қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар және есепте тұрған отбасылар бар.

«Коронавирус пандемиясынан және оған ілескен экономикалық құлдырау салдарына көптеген отбасы бұрынғыдан да қиын жағдайға тап болды», - дейді тәртіп сақшылары.

Ведомстводан атап, өткендей акция барысында жаңа оқу жылы қарсаңында жағдайы төмен және көпбалалы 70 отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек көрсетілуде. «Мектепке жол» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар