Полицейлер Алматыда тұратын кәсіпкер әпкесін қарыз бермегені үшін пышақтап, тонап кеткен жас жігітті ұстады

АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат -Полиция қызметкерлері Алматыда ауыр қылмыс жасап, Астанада бой тасалап жүрген жас жігітті қолға түсірді.
None
None

 Алматыға өткен жылдың қараша айында келген жиен жігіт кәсіпкер әпкесін «Ақсай» ықшамауданында орналасқан пәтерінде 11 жерінен пышақтап,  тонап кеткен.  Алматы қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сабыржан Жұрабековтың айтуынша,  жәбірленуші әйел аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дер кезінде медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Қазіргі кезде  денсаулығы қалыпқа түсе бастады. Тілге келген жәбірленушіден  қандықол қарақшының оның жиені екені анықталып, күдіктіні  Астана қаласында  ата-анасымен бірге тұрып жатқан өз үйінде қолға түсірді.  Бұрын да өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бұл азамат тергеу кезінде өз әрекетін  қарыз ақша бермеген әпкесін қорқыту мақсатында жасағанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар