Полицейлер арасында өткен спартакиада үздіктері марапатталды

қпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ҚР Ішкі істер министрлігінің спортакиадасының жабылу салтанаты өтіп, үздік атанған полицейлер марапатталды,

Полицейлер арасында өткен спартакиада үздіктері марапатталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттық жарыс шағын футбол, волейбол, стол теннисі, шаңғы, жүзу, жеңіл атлетика, нысана көздеу тәрізді спорт түрлері бойынша өткізілді. Оған шамамен 450-ге тарта ішкі істер министрлігінің және ведомствоға қарасты комитеттердің, департамент пен басқармалардың қызметкерлері қатысты.

Жеңіске жеткен командалар мен спортшылар министрліктің арнайы дипломдарымен, кубоктарымен марапатталды.

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қызметкерлерінің физикалық дайындығына қойылатын талаптар күннен күнге күшеюде. Қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің дайындықтары үлкен мәнге ие, сондықтан министрлік «Салауатты өмір салты» атты мемлекеттік кешендік бағдарламаны іске асыруға маңыз беріп келеді», дейді Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысы полиция полковнигі Әсет Ақанов.

Оның айтуынша, жеке құрамның дене дайындығын нығайтуға, қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оларды спорттық шараларға қатыстыру жұмыстары бірінші кезекке қойылады.

Спартакиада дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Оған қатысуға ниет білдірушілер жыл өткен сайын көбеюде.