17:33, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Полицейлер Астанада жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні іздеуде
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Жол полициясы басқармасы Астанада жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасының орнынан із жасырған жүргізушіні іздеуде.

Астаналық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға шілденің 23-і күні, кешкі сағат 18.44 орын алған. «А 441...» алматылық мемлекеттік нөмірі бар, қара-көк түсті танылмаған көліктің анықталмаған жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен №20 үйге қарама қарсы бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, содан кейін оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.
«Жол-көлік оқиғасының жағдайын анықтау мақсатымен аталмыш оқиғаны көрген немесе осы факт бойынша бір хабары бар адамдардың Астана қаласы, ІІД, Жол полициясы басқармасына 53-22-53, 53-27-76 және 53-22-63 байланыс телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз», - делінген сәрсенбі, тамыздың 11-і күні баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.