20:05, 19 Ақпан 2018 | GMT +5
Полицейлер дүкеннен кардиган ұрлаған бойжеткенді іздеп жатыр
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы киім дүкендерінің бірінен кардиган ұрлап кеткен бойжеткенге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Oблыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 16 ақпан күні болған.
«Қостанай қаласы ІІБ қылмыстық істі тексеру бөлімінің қызметкерлері қаладағы киім дүкендерінің бірінен кардиган ұрлап кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр. Күдікті 20-25 жас шамасында. Бойы - 160-165 см», - делінген ІІД хабарламасында.