Полицейлер елгезек астаналықтарға алғыс айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада елгезек азаматтардың арқасында декоративті аркадағы қолшатырлардың ұрлануына жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қаскөйлер өздерін камераға түсіріп тұрғанын көрген соң, қолшатырларды сол маңға тастап кеткен. Қазір полицейлер оларды іздестіріп жатыр.
«Қала тұрғындары күзет агентінің қызметкеріне Т. Бигелдинов көшесі мен Абай даңғылының арасында орналасқан алаңдағы декоративті аркадан екі белгісіз адам қолшатыр ұрлағанын айтқан. Күзетші сол маңда жатқан екі қолшатырды алып орнына қойған», - делінген хабарламада.
Полицейлер қоғамға жаны ашитын тұрғындарға алғыс білдірді.
Полиция қызметкерлері қолшатыр ұрламақ болғандар туралы бірер ақпаратқа ие адамдардан Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына немесе 8 (7172) 71-66-10, 71-66-11, 71-66-01, 71-66-76, 71-66-40 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
Еске сала кетейік, Астанадағы саябақтардың бірінен қолшатыр ұрламақ болғандардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
6.08.18 в 00:13 Мы в начале думали что они ремонтируют, оказываются воруют. _ 📽: от подписчика группы 🇰🇿