14:10, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Полицейлер катафалкте жасырылған жарты тонна қара уылдырықты тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск өлкесінде полицейлер жарты тонна қара уылдырықты тәркіледі. Бұл туралы ТАСС Ресейдің ІІМ ресми өкілі Елена Алексееваға сілтеме жасап хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, Хабаровск - Амурдағы Комсомольск тас жолының 34-ші шақырымында Хабаров өлкесі бойынша жол-патрульдік полиция инспекторлары жылдамдықты асырған автомобильді тоқтатқан.
Тексеріс көрсеткендей, Nissan Civilian арнайы автобусы Хабаровскідегі жерлеу қызметін көрсететін фирмалардың біріне тиесілі болған.
Сөмкелердің астынан инспекторлар ішінде бекіре балықтарының уылдырығы бар пластикалық контейнерлерді тапты. Автобуста адамның мәйіті болмады. Ал табытты ашқанда ішінен арнайы контейнерлерге салынған уылдырық шықты", - деп атап өтті ол.
Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы 500 кг құрады.
Жерлеу қызметін көрсететін агенттіктің екі қызметкері ұсталды.