Полицейлер мас деп санап, мүгедек жүргізушіні соққыға жықты
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ульянов облысының полицейлері мас деп санап, мүгедек жүргізушіні ұрып-соққан. Оқиға Радищевский ауданы Октябрьский кентінде орын алған. Тілінің кемістігі бар мүгедек адам айдап келе жатқан автокөлікті тоқтатқан заң қызметкерлері мас деп жаңылысып, оны көліктен шығарып алып, ұрып-соққан, деп хабарлайды «Тrud.ru».
Жәбірленушінің миы шайқалған және басқа да жарақаттар алғандығы анықталды. Оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 286-бабы - уәкілеттігін асыра пайдалану бойынша іс қозғалды.