Полицейлер мен құтқарушылар тайгада әйелді аюдан қорғап, оның босануына жәрдемдесті (ВИДЕО)

«Сенбі күні жергілікті уақыт 23:38-де жедел медициналық жәрдем пультіне Мирный қаласына жақын жерде тайгада әйел босанғалы жатқаны жайлы ақпарат түсті. Жедел жәрдем, ТЖМ көліктері мен көмекке асықты. Алайда батақта ол жерге жету қиынға түсті», - деп жазды РИА Новости
Әйел туыстарымен балық аулауға шыққаны белгілі болды. Көлде оның толғағы басталып, күйеуі әпкесімен оны ауруханаға апармақшы болады, алайда олардың көлігі батпаққа батып қалып, жете алмай қалады. Әйелін әпкесімен орманда қалдырған ер адам ұялы байланысты ұстап, дәрігер шақыруға бел буады.
Жедел жеткен дәрігерлер, ТЖМ құтқарушылары, полицейлер әйелге көлікпен жету мүмкін болмағандықтан, бірнеше сағат бойы жол жүрулеріне тура келді. Қарулы құқық қорғау органдары мен құтқарушылар әйел мен дәрігерлерді аюдан құтқарып тұрды.
«Жол таңдамайтын көліктердің өзі бірінің артынан бірі батпаққа батып, әйелді баламен тас жолға қолмен көтеріп шығаруға тура келді. Анасы мен баласы Мирный орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазір ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.