03:06, 06 Қаңтар 2015 | GMT +5
Полицейлер ойыншық тапанша ұстаған ер адамды атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында 2 сержант полиция бөлімшесінің көлік тұрағына жасырын кірген ер адамға оқ жаудырды.
Негізі бұл аумақ - кіруге тыйым салынған жер. Тәртіп сақшылары марқұмға тұрақтан тез арада кетуді бұйырған, ол өз кезегінде қаруына қол созған. Осы кезде полицейлер дереу оқ жаудырып, 32 жастағы ер адамды мерт қылды. Кейін анықталғандай, ол страйкбол ойнауға арналған ойыншықты қолына алмақшы болған, деп жазады 24.kz.
Оқ атқан полицейлер тергеу жүргізу үшін 10 күнге дейін қызметтерінен аластатылды.