Полицейлер саяжайлар мен қыстақтарды тексеруге кірісті
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Полицейлер саяжайлар мен қыстақтарды тексеруге кірісті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ-нің бастамасымен ағымдағы жылы ішкі істер органдары саяжайларды, қыстақтарды және ұжымдық шаруашылықтарды тексеруге алды. Аталған шараға 6 мыңнан аса полиция қызметкері тартылды.
Тексеріс жүргізу барысында 5 мыңға жуық объект, оның ішінде 600-ден астам саяжай, 1,5 мың қыстау, 1,7 мың ұжымдық шаруашылық қаралды. 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Оның 742-сі көші-қон заңнамасын бұзу оқиғалары болса, алкогольдік ішімдік ішу - 2238 және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны - 73 факт анықталды. Шара барысында қылмыс жасағандары үшін іздестірілуде жүрген 19 адам ұсталып, 133 қараусыз жүрген жеткіншектер табылды.
«Ағымдағы жылы қаңтар айында Жамбыл облысы Шу қаласының «Юбилейный» саяжай алқабында қасақана кісі өлтіргені үшін 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Алматы қаласының тұрғыны ұсталды», делінген баспасөз қызметінің ақпараттық мәліметінде.