Полицейлер Сергей Мавродиді қолға түсірді

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарының қызметкерлері МММ атты қаржылық пирамиданы құрушы Сергей Мавродиді қолға түсірді, деп хабарлайды Утро. ру.

Полицейлер Сергей Мавродиді қолға түсірді

Ол жақын уақытта салықтарды төлемеу ісі бойынша сот отырысына жеткізіледі. Бұл туралы оның қорғаушыларының бірі Олег Целевич хабарлады.

«Мендегі ақпарат бойынша, оны шынымен де бүгін полиция ұстады», - деді журналистерге қорғаушы. Оның мәліметтерінше, Мавроди жұма күні Мәскеудегі Хамовнический ауданының № 363 бітістіру сотына жеткізіледі.

«Бұл Сергей Пантелеевичке қатысты әкімшілік істердің бірі бойынша бүгінгі күнге ресімделген алып келудің аясында болады», - деп атап өтті қорғаушы.