Полицейлер суицид жасамақ болған жүкті әйелді құтқарып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының патрульдік полиция қызметкерлері жүкті әйелді суицидтен аман алып қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер суицид жасамақ болған жүкті әйелді құтқарып қалды

«Дулати көшесінің бойын патрульдеу кезінде, қараусыз қалған жерден «Хюндай» маркалы көлік табылды. Көлікте бір қыз жылап отыр екен. Көлікті тексеру кезінде хат пен арқан табылды. Бойжеткеннен жауап алған соң, оның бүгін екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғандығын анықтадық. Қызды патрульдік көлікке дейін шығарып салып, «жедел жәрдем» шақырдық», – дейді, Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің аға инспекторы, Дәулет Тұрманов.

«Мені полиция қызметкерлері құтқарды. Үлкен рахмет. Осы уақыт бойы олар менің қауіпсіздігім үшін менің қасымнан шықпады. Қазір мен мұның бәрін түсіндім...», - деді жас әйел.

Мұндай іс-әрекеттің себебі моральдық және этикалық тұрғыдан айтылмайды.