Полицейлер тобы Қырғызстанға қарулы бөлімше ретінде емес, ЕҚЫҰ кеңесшісі ретінде барады - ҚР СІМ

СТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ полицей кеңесшілер тобын Қырғызстанға жіберу туралы өткен аптада қабылданған шешім ЕҚЫҰ-ның өзі үшін де тарихи оқиға болып отыр.

Полицейлер тобы Қырғызстанға қарулы бөлімше ретінде емес, ЕҚЫҰ кеңесшісі ретінде барады - ҚР СІМ

Алғаш рет осы ұйымның Орталық Азияның бір еліне өзінің шағын болса да - небәрі 52 адам, дегенмен маңызы зор миссиясын жіберу туралы консенсусы қабылданды.

Бұл туралы бүгін ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко хабарлады.

Кейбір БАҚ беттерінде Қырғызстанның оңтүстігінде халық осы топтың келуіне қарсылық білдіргені туралы ақпараттың шығуына байланысты өз түсінігін берген Роман Василенко: «Менің ойымша, бұл жерде кейбір сәттерді атап өту қажет. Біріншіден, шешім консенсус бойынша қабылданды, сонымен қатар құрамына Қырғызстан да енген ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тарапынан Қырғыз елінің арнайы өтініші бойынша полицейлер тобын Қырғызстанға қарулы бөлімше ретінде емес, ЕҚЫҰ кеңесшісі ретінде баруы туралы ұсыныс қарастырылып, жасалған еді. Екінші жағынан, менің атап өткім келетіні, бұл кеңесшілер қосымша кепілдік, тұрақтылық пен билікке деген сенімді бекітудің, полицейлік құрылымдарға, Қырғызстан Ішкі істер министрлігіне деген сенімді ұялатуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың қосымша кепілі болмақ. Сондықтан да, бұл миссияның ол жаққа баруына қарсылық білдіріп жүргендер ол туралы толық ақпараттандырылмағандықтан деп ойлаймын», деді.

«Полицейлік Консультативтік Топтардың жақында қантөгіс қақтығыстардың аренасына айналған аймақтарда болуы елдегі сенімнің артуына, тұрақтылықтың нығаюына және тәртіптің орнауына өз ықпалын тигізеді.