Полицейлерден қашқан қостанайлық 4-қабаттан секіріп кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында ұрлық жасаған 3 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұрлық жасаған 3 күдікті Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 3 тармағымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Полицейлерден қашпақ болған бір күдікті үйдің 4-қабатынан секіріп кеткен. Оның аяғы сынып, дене жарақаттарын алды», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.