Полицейлердің жалақысы көтерілгенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр – ІІМ

«Полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлармен байланысты. Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 845 қызметкер қаза тауып, 4593-і жарақат алды. 5 жыл ішінде оларға 1 887 зорлық-зомбылық, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау және азаматтар тарапынан агрессия көріністері тіркелді. Сондықтан ІІО қызметкерлерінің институционалдық және кәсіби мәртебесінің тиісті деңгейде болуы, оның ішінде полиция қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалу мәселесі өте маңызды» деп жазылған құжатта.
Құжатта көрсетілгендей, қызметкерлердің жалақысы өскенімен, ол инфляция әсерінен сезілмей отыр.
«Осының салдарынан ІІМ-нің білікті кадрларды тарту үшін еңбек нарығында бәсекеге түсуге мүмкіндігі жоқ. Елдегі кадр тапшылығы шамамен 9% құраса, кейбір өңірлерде одан да жоғары. Сонымен қатар соңғы жылдары қызметтің бірінші жылында жұмыстан босатылған жас мамандардың саны артқан», - делінген 4 жылдық даму жоспарында.