Полиция 16 жыл үңгірде жасырынған қылмыскерді ұстады

ЛИССАБОН. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Полиция 1993 жылы түрмеден қашқан және осы 16 жыл бойы тауларда бой тасалап жүрген қылмыскерді ұстады,

Полиция 16 жыл үңгірде жасырынған қылмыскерді ұстады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, кісі өлтіргені үшін сотталған және 10 жылға бас бостандығынан айырылған 54 жасар ер адам Португалияның солтүстігіндегі өзінің туған жері Виейра-ду-Минью деген жердегі үш немесе төрт үңгірлерді кезекпен паналап келген. Қылмыскер негізінен жеміспен қоректенген және 16 жыл ішінде бір рет те дәрігерге қаралмаған.

Полиция өкілдері 16 жыл бойы қашқында жүрген қылмыскердің тек өмірін ғана сақтап қалмағанын және ол іс жүзінде аяқ-қолы балғадай сау күйінде қалғанын атайды. Тәртіп күзетшілерінің пайымдауынша қылмыскер ара-арасында өзінің туыстарынан тамақ және дәрі-дәрмектер алып тұрған.

Үңгірден ұсталған қылмыскерді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, ұсталғаннан кейін оның қайда әкетілгенінен де дерек жоқ.