Полиция 28 жастағы жігіттен зардап шеккен азаматтарды іздестіріп жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ІІД 1990 жылғы Береке Кенжебековты ұстап, әлеуметтік желі арқылы оның суретін жариялап, тұрғындарға хабарландыру қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полиция қызметкерлері облыс аумағында алаяқтық істер сериясына қатысы бар деген айыппен 1990 жылы туған Кенжебеков Берекені ұстады. Алматы облысы Ішкі істер департаменті аталған тұлға әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Талдықорған ҚІІБ 8 747-225-1095 немесе 102 номерлеріне хабарласуды сұрайды»,- делінген Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметі жариялаған хабарландыруда.