Полиция Алматының орталық ауруханасынан бомба іздеп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Полиция департаментіне Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарылғыш зат қойылғаны туралы шұғыл ақпарат түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір медициналық мекеменің аумағында тексеру және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланды. Саперлер жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы «MOSKVA Metropolitan» ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бірнеше рет түскен болатын. Тәртіп сақшылары сауда орталығынан 14 маусым, 21 маусым, 4 және 7 шілдеде адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабар түсті. Құқық қорғау органдары тексеру кезінде қауіпті зат таппады.



Соңғы жаңалықтар