20:41, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Полиция автобусты қасақана өртеген күдіктіні ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Шаньдун өлкесіне қарасты Яньтай қаласында автобусты қасақана өртеген күдікті полиция қолына түсті.

Синьхуа агенттігінің ақпаратына қарағанда, 56 жастағы жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарынан бой тасалап, қала маңына жасырынған. Ол куәгерлердің жол сілтеуімен ұсталды. Қаскүнемнің не үшін автобусты өртегендігі әзірше белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыскер 20 тамыз күні Яньтай қаласында таңертеңгі қарбалас сәтте автобусты өртеп жіберген еді. Оқиға салдарынан бір әйел қаза тауып, 19 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған болатын. Жүргізушінің төтенше оқиға кезінде жедел әрекет жасауының арқасында жолаушылардың басым бөлігі өртке оранған автобустан шығып үлгерді.