Полиция банктерге пин-кодсыз төлем жасау функциясын алып тастауды ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елордадағы Алматы ауданында жеке мүлікті ұрлау фактісі 4,6 пайызға өскен. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Алматы аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Марат Өмірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдау көрсеткендей, қылмыстардың 33,3 пайызы жеке мүлікті ұрлауға қатысты. Алматы ауданы бойынша аталған қылмыстар санының 60-қа немесе 4,6 пайызға өскені байқалды. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңінде жеке мүлік бойынша 1308 ұрлық фактісі тіркелсе, биыл 1368 қылмыс тіркелді. Мүлікті ұрлау қылмыстарының көбін (64%) басқа өңірлерден келгендер жасайды», - деді Марат Өмірбаев.

Оның айтуынша, биыл елордадағы ірі сауда желілерінде де ұрлық фактілері жиі тіркелген.

«Мәселен, «Магнум» сауда желісі тарапынан 138 арыз түсті. Олар бойынша 54 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қоса, «Смолл» супермаркетінде - 16, «Диона» дүкенінде – 42, «Спорт мастер» желісінде 34 ұрлық фактісі тіркелді», - деп тоқталды ол.

Бұдан өзге, 114 банк карталары ұрланған. Тиісінше, қолды болған карталар арқылы транзакциялар мен төлемдер жасалған.

«Бұл фактілер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне енгізілді. Ұрлықтың бұл түрінің алдын алу үшін біз екінші деңгейдегі банктерге ПИН-кодты енгізбестен төлем жасау, ранзакциялар жүргізу функциясын алып тастау туралы ұсыныс дайындадық», - деп мәлім етті Марат Өмірбаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram