Полиция елордаға ірі көлемде есірткі тасымалының жолын кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция елордаға ірі көлемде есірткі тасымалының жолын кесті, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
«Машинаны қарау кезінде 50 келіден астам «марихуана» табылған Қазақстанның оңтүстің өңірінің екі тұрғыны ұсталды. Аталған адамдар Астана қаласы ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды», - жделінген ведосмствоның хабарламасында.
Қазіргі кезде Астана қаласы ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері есірткіні тасымалдау және өткізу арналарын анықтау, сондай-ақ ұсталғандардың елорда аумағында есірткі қылмысына қатысын тексеру үшін арнайы жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізуде.