Полиция ежелгі Рим дәуірі кезіндегі 1001 монетаны тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис полицейлері ежелгі монеталарды тәркіледі. Сус қаласындағы арнайы шара барысында олар римдік Северлер әулетіне жататын (б. э. д. ІІІ ғасыр) 1001 монета тапқан.
«Біз аса құнды, тыс сирек кездесетін шақалардың қай билеуші тұсында жасалғанын анықтауға тырысудамыз», - деп мәлімдеді Ұлттық мұра институтының бас директоры Аднен Луиши. Археологиялық құндылықтардың заңсыз трафигін ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл монеталар Тунистің орталық бөлігіндегі Сильяна провинциясында табылған.
Луишидің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстарынан кейін монеталар Тунистегі немесе шет елдердегі көрмелерге қойылады.