Полиция Флорида әуежайында атыс ұйымдастырған адамның аты-жөнін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида билігі әуежайда атыс ұйымдастырған адамның аты-жөні алдын ала мәліметтер бойынша Эстебан Сантьяго екенін мәлім етті, деп хабарлайды Gazeta.ru NBC News арнасына сілтеме жасап.

Полиция Флорида әуежайында атыс ұйымдастырған адамның аты-жөнін атады

Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты таратылған мәліметтерде атысты ұйымдастырушының әскери құжаттары болғандығын айтылған. 

Полицияның мәліметтері бойынша, әуежайда екі қарулы адам отыруы мүмкін.

Осыған дейін Флорида әуежайында болған атыс кезінде мерт болғандардың саны 5-ке жеткені хабарланған еді.