16:15, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Полиция капитанын атып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ново-Переделкино ауданының учаскелік полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Олег Толмачевтің басы мен денесіне шамамен 10 оқ атылды.
Бұл туралы сәрсенбі күні Ресей тергеу комитетінің басты тергеу басқармасының сайтында жазылды.
Полиция қызметкерін сейсенбіден сәрсенбіге қараған түнде Мәскеудің батысында атып кеткен. Қылмысқа итермелеген басты себептердің бірі ретінде Толмачевтің кәсіби қызметі қарастырылуда. Сондай-ақ адам өлтіру және заңсыз қару ұстай баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер әзірге қолға түспен жоқ. Олар оқиға орнынан 2 көлікпен іздерін суытқан.