Полиция Кельндегі Pegida қозғалысының шеруін қуып таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Кельндегі Pegida исламға қарсы қозғалысының шеруін және осы қозғалысқа радикалды қарсыластардың акциясын тоқтатты, деп хабарлады РИА Новости.

Полиция Кельндегі Pegida қозғалысының шеруін қуып таратты

Pegida оппозициялық шеруіне қатысушылар полицейлер мен журналистерге петардалар мен бөтелкелер лақтыра бастағасын құқық қорғаушылар суатқыштарды іске қосуға мәжбүр болды. Екі шара да қатар жүріп жатқан болатын. Полиция қалыптасқан жағдайды қауіпті деп бағалап, шеруді тоқтатуға шешім қабылдады.

.Pegida атауының шешімі «Еуропалық-патриоттар Ежелгі дүниені исламдандыруға қарсы» дегенді білдіреді. Акция жаңажылдық түнде әйелдерге жүзден астам шабуыл жасалуына қарсылық ретінде өткізілуде.

Сейсенбі күні Кельн полициясы жаңажылдық түнде африкандық және араб кейіпті ер адамдардың жыныстық зомбылыққа әрекеттеніп, шабуылға ұшыраған әйелдерден 90-ға тарта шағым алғанын хабарлады, алдын ала мәліметтер бойынша, олар негізінен мигранттар болса керек.

Кельн соборының алдындағы алаңға түнде 15- пен 35 жастардың аралығындағы мыңға тарта ер адамдар жиналған. Куәгерлердің айтуынша, ішіп алған ер адамдар тобымен әйелдерді қоршап, әмияндарын және ұялы телефондарын тартып алған, ал оларды тоқтауға тырысқан адамдарға сес көрсеткен.

Қазіргі кезде полиция 170-ден астам осындай шағымдар алған.