Полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Полиция қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды

Маңғыстау облысы криминалдық полиция қызметкерлері бір топ адаммен бірлесіп, полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғынды ұстағанын атап өткен ресми өкіл «2010 жылдың сәуір айында аталған облыстағы медициналық мекемеге ішкі істер органдарының жедел қызметкері атыс жарақатымен жеткізілген болатын», - деді.

Оның атап өтуінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20-22 жас аралығындағы тағы үш адам құрықталған. Ал топтың төртінші мүшесі өткен аптада ішкі істер органдары қызметкерлері қармағына түсті.