Полиция қызметкерінің погонын жұлып алған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерінің погонын жұлып алған Ақтау қаласы тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды lada.kz.

Полиция қызметкерінің погонын жұлып алған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

Полиция қызметкерінің ар-ұжданына нұқсан келтіргені үшін Ақтау тұрғыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жауап береді.

Ақтау қалалық сотынан хабарланғанындай, заң бұзған азаматқа ҚР ҚК-ның 378 бабы, 1 тармағы (Қызметік міндетін атқару кезінде билік өкіліне тіл тигізу) және 379 баптың 1 тармағы (Билік өкілінің заңды талабына қарсылық көрсету) бойынша айып тағылды.

Белгілі болғанындай, 27 шағын ауданның тұрғыны оқиға кезінде мас болған. Құқық бұзушы полиция қызметкерлерін қалың көпшіліктің көзінше балағаттап, бейәдеп сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің бірінің погонын жұлып алған. Ер азамат кінәлі деп табылып, оған 30 АЕК көлемінде, 68 мың 70 теңге айыппұл салынды.