Полиция қызметкерлері Астана қаласында есірткі пайдаланатын үш жүргізушіні ұстады - Астана қалалық ЖПБ

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Сенбіге қараған түнде, тамыздың 7-сінде полиция қызметкерлері мас күйіндегі 17 жүргізушіні құрықтады.

Полиция қызметкерлері Астана қаласында есірткі пайдаланатын үш жүргізушіні ұстады - Астана қалалық ЖПБ

Бұл туралы Астана қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Олардың ішінде есірткі пайдаланатын Молдованың үш азаматы да бар. Олар Қорғалжын тас жолында құрықталды. Сонымен қатар, сол күні полиция қызметкерлері көлікті орташа мөлшерлі мастық күйінде айдап жүрген 25 жасар бойжеткенді де ұстады.

Жалпы жыл басынан бері Астана қаласында 2969 мас жүргізуші ұсталды, оның 2123-і көлікті мас күйінде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Олардың кесірінен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 адам қаза тапты.

Астана қалалық ЖПБ таратқан мәлімет бойынша, қазіргі күні Астанадағы көліктің саны 206 мыңнан асады.