Полиция қызметкерлері бір аптада жасалған 1,5 мың қылмыстың ізін суытпай ашты

АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бір аптада 1 900 қылмыс жасалды. Оның ішінде 1 500-ге жуығы ізі суымай, сондай-ақ бұрын жасалған 346 қылмыстың беті ашылды . Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Полиция қызметкерлері бір аптада жасалған 1,5 мың қылмыстың ізін суытпай ашты

326 адам күдікті ретінде ұсталып, 13 қару тәркіленді. «Сонымен қатар 140 есірткі қылмысы, оның ішінде 21-і есірткі сату фактісі бойынша, анықталды. Жалпы алғанда 179 келі есірткі заттары тәркіленді»,-деді ол.

Атап айтқанда Жамбыл облысы Мерке ауданында 41 жастағы жергілікті тұрғын құрықталды. Одан сату мақсатында дайындалған 105 келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ Қарағандының полиция қызметкерлері арнайы операция барысында жергілікті тұрғынның пәтерінен 342 грамм героин тапты.