Полиция майоры такси жүргізушісін тонады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде полиция майоры такси жүргізушісін тонап кетті. Үйіне жақындаған сәтте құқық қорғаушы қарумен қорқытып, жүргізушінің бар ақшасын сыпырып алған.

Полиция майоры такси жүргізушісін тонады

Оқиға болған жерге шұғыл жеткен топ қарақшыны ұстап, аумақтық полиция бөлімшесіне жеткізді. Қылмыскер Коломнаның желілік полиция пунктінің басшысы майор Виталий Воробьев болып шықты, деп хабарлайды РСН.