Полиция психологты ұрып-соққан адамды ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы психолог Светлана Божконың соққы алуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімімен және кодекстің 24-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ретінде 1991 жылы туған ер адам ұсталды. Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде күдіктіге бұлтартпау шарасы қабылданады»,- деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 20 шілде күні психолог Светлана Божко соққыға жығылып, екі рет операция жасалған болатын.


Соңғы жаңалықтар