Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Полиция Шварценеггерге вокзалда велосипедпен жүруге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Мюнхендегі орталық вокзалында қоғамдық қауіпсіздікті сақтайтын полиция велосипедпен жүрген актер Арнольд Шварценеггер мен оның күзетшісін ұстады. Актер тәртіп бұзғаны үшін ескерту алды. Полиция онымен бірге суретке түсті, деп хабарлайды dw.com.

Полиция Шварценеггерге вокзалда велосипедпен жүруге тыйым салды

Офицер Стефан Шмитт теміржол платформасында адамдар арасында келе жатқан екі велосипедшіні байқаған. Полиция бірінші күзетшіні тоқтатқан, ол: «өз клиентінен қалып қоймау үшін екі дөңгелекті көлік керек» деп түсіндірген.
Оның клиенті танымал актер, спортшы, АҚШ-тың Калифорния штатының бұрынғы губернаторы 69 жастағы Арнольд Шварценеггер болып шыққан. Актер ұзақ жерге жаяу бара алмайтындығын айтып ақталған.