Полиция трактормен бір тоннадан астам марихуана әкеле жатқан адамды ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парагвайда полиция трактормен бір тоннадан астам марихуана әкеле жатқан адамды қолға түсірді. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады.
Есірткі заты трактор қорабында скотчпен оралған 32 қапқа салынған. Тексеру барысында қаптың ішіндегі заттың марихуана екені анықталды.
Парагвай Мексикадан кейінгі батыс жартышарында марихуана өндіру бойынша екінші орында келеді. Ұлттық есірткімен күрес хатшылығының деректеріне сүйенсек, елде 5-8 мың гектарға жуық кенепшөп бар. Бағалауға сәйкес, Парагвайда марихуана өндірісі жылына 30-45 тоннаны құрайды