Полиция тұрғындарға Астана аумағынан тыс жерге шықпауға кеңес береді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Полиция тұрғындарға Астана аумағынан тыс жерге шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Полиция барынша жәрдем көрсетіп, апат қаупі бар учаскелерде тәулік бойы қызмет атқарады.

Жүргізушілерге айтарымыз, қала аумағынан тыс жерге барудан бас тартып, енгізілген жол шектеулерін бақылауға кеңес береміз», - делінген ресми мәліметте.

Полиция өкілдері жаяу жүргіншілерге де көшеде сақ жүруге шақырып отыр.

«Өз қауіпсіздігіңіз бен жол қозғалысына басқа қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жол ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтық пен интервалды, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтер кезде жақын маңда көліктің жоқтығына көз жеткізу қажет. Жолдан өткен кезде гаджеттерден алшақтап, құлаққапты алып тастау маңызды.

Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі», - деп жазады департамент мамандары.


Соңғы жаңалықтар
telegram