Полиция түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерлердің төртеуін ұстады, үшеуі - бостандықта

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Албанияда төрт қылмыскер ұсталды. Олар Корча қаласының ауданында түрме бақылаушыларын кепілдікке алып, кейіннен қашып кеткен.

Полиция түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерлердің төртеуін ұстады, үшеуі - бостандықта

Полиция тағы үш қылмыскерді іздестіріп жатыр.

Бұл оқиға сенбі күні болған. Оқ атқыш қарумен қорқытқан жеті қылмыскер бақылаушыларды кепілдікте ұстап, артынша іздерін суытқан. Қашқындардың бәрі - аса қауіпті қылмыскерлер. Олардың төртеуі өмір бойы түрмеде отыру жазасын өтеп жатқандар. Ал үшеуі 12-ден 25 жылға кесілгендер.

Елдің ІІМ хабарлағандай, түрме директоры жұмыстан босатылды, 21 бақылаушы ұсталды.