Полиция участогына түскен балаға дұрыс қарым-қатынас жасалмайды - Түрме реформасының өкiлi

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжiкстан елдерi бойынша кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында өткен зерттеуге сүйенсек, полиция участогына түскен балаға жалпы дұрыс қарым-қатынас жасалмайтыны анықталған. Бұл туралы бүгiн тағдыр тәлкегiне түскен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын сақтау мәселелерi жөнiндегi ортаазиялық диалог барысында Орта Азиядағы Халықаралық түрме реформасының аймақтық директоры Азамат Шәмбiлов мәлiм еттi.

Полиция участогына түскен балаға дұрыс қарым-қатынас жасалмайды - Түрме реформасының өкiлi

"2014 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжiкстан елдерiнде кәмелеттiк жасқа толмағандар арасында өзектi зерттеу өттi. Зерттеу аясында iстi болған кәмелет жасына толмаған 210 бала сұралды. Сауалнамаға қатысқандардың 20%-ы психологиялық тұрғыда қатты қысым көргендерiн, 17%-ы жеңiл-желпi ұрып-соғуға тап болғанын, ал 30%-ы өздерiн қатты ұрып-соққандарын айтқан", - дейдi А.Шәмбiлов.

Оның мәлiметiне сүйенсек, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көбiне назардан тыс қалады, бұл заң бұзушылыққа қатысты әрекетсiздiк байқалады. БҰҰ-ның зорлық-зомбылыққа қатысты зерттеуi көрсеткендей, көбiне асырау орындарындағы балалар және сотталған балалар әлi де зорлық-зомбылыққа ұшырап келедi.