Полиция ұрыларды емес, көлік иесін жазаға тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ленинград облысының тұрғыны үш айлық баласын көлікте қалдырып, дүкенге кірген. Сол екі арада ұрылар оның Cadillac Escalade көлігін айдап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
34 жастағы келіншек бірден полицияға хабарласып, арыз түсірген. Көліктің ішінде үш айлық нәрестенің да болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылар оқиға орнына барса, арыз түсірген келіншектің көлігі орнында тұр. Сөйтсе, ұрылар артқы орындықта үш айлық нәрестенің жатқанын көргеннен кейін көлікті иесіне қайтарып берген. Сол жерде басқа машинаға отырып, іздерін жасырған. Бала зардап шеккен жоқ. Алайда оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді, ол өз баласын қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін заң алдында жауап береді. Әзірше, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.