«Полиция және мектеп» республикалық акциясы басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті «Полиция және мектеп» республикалық акциясының басталғандығы туралы ақпарат таратты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстардың деңгейін төмендетуді көздейтін акция үш кезең бойынша өтетін болады. Даярлық кезеңінде мектеп оқушыларына оқылатын дәрістердің тақырыптары бекітілсе, ұйымдастырушылық кезеңінде мектеп пен колледж оқушыларымен сан алуан кездесулер өткізу жоспарланған. Ал қазанның 4-6 аралығында өтетін қорытынды кезеңінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуы бойынша тиісті практикалық шаралар әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар