Полиция Жапонияда зілзаланың салдарынан 413 адамның қаза болғанын растады

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Полиция Жапонияда зілзаланың салдарынан 413 адамның қаза болғанын растады.

Полиция Жапонияда  зілзаланың салдарынан  413 адамның  қаза болғанын  растады

Тағы 1 мыңнан астам адам жараланған. Бұл туралы бүгін елдің Бас полиция басқармасынан хабарлады. Бұған дейінгі ақпараттарда 287 адамның қазасы туралы айтылған болатын, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Сағат 11.30-дағы жағдай бойынша (мәскеу уақыты бойынша 05:30), 413 адам мерт болған, 784 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы 1128 адам түрлі жарақат алған», - деп хабарлады журналистерге басқарма өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдардағы ең қуатты зілзала Токионың солтүстік-шығысына қарай 373 шақырым қашықтықта орналасқан Мияги профектурасының жағалауында болды. Зілзала магнитудасы 8,9 балды құраған. Жер сілкінісі цунамиге себеп болып, кейбір аудандарда толқынның биіктігі 10 метрден асқан.