14:15, 16 Мамыр 2012 | GMT +5
Полицияға қарсылық танытып, оқ атқандар ұсталды - ІІМ
АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Мамырдың 12-сі күні Приозер-Сарышаған автожолында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі ішкі істер орган қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оқ атқан.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.
«Осыдан кейін полиция қызметкерлері табельдік қарудан бірнеше рет оқ атқан. Көлік жүргізушісі және 26 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға түсті. Олардан 3 шолақ аңшы мылтығы тәркіленді. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 251-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Н.Ораз.