Полицияға жарылмаған авиабомба әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Ювяскюля қаласындағы полиция ғимаратына жергілікті тұрғын соғыстан қалған жарылмаған авиабомба әкелген.

Полицияға  жарылмаған авиабомба әкелді

Ер адам сұмдық қаруды жарамын деп қорқытпаған. Белгілі болғандай, ол көптеген жылдар бойы бомбаны үйінде сақтап келіпті. Ойлана келе, қауіпті затты полицияға тапсыруға ұйғарған.

Төртқабатты үйге орналасқан полиция және өзге де мекемелердің барлық қызметкерлері шұғыл сыртқа шығарылды, деп хабарлайды rosbalt.